Мақалаларды кері қайтарып алу немесе түзету жөніндегі нұсқаулық
Халықаралық Баспа этикасы комитеті (COPE) мен ғылыми редакторлар мен баспагерлер қауымдастығының ұсыныстарына сәйкес, жарияланған ақпаратты түзету және оқырмандарға жарияланымның сенімді емес кемшіліктері немесе қате деректері бар екендігі туралы хабарлау механизмі ретракция деп түсініледі.
Редакциялық алқа мүшелері әдепсіз мінез-құлық, плагиат, өзі-өзінен плагиат, авторлардың шамадан тыс өзін-өзі бағалауы, мүдделер қақтығысы белгілері бар материалдарды жариялағаны үшін жауапты болады. Егер материал жазу кезінде жарияланымдық және/немесе ғылыми этика қағидалары бұзылған жағдайда, конференцияның ғылыми редакторы редакциялық алқаның шешімі негізінде жарияланымның ретракциясын жүргізуге тиіс. Материалдарды автор (авторлар) немесе конференцияның редакциясы кері қайтарып алуы мүмкін. Редакция ХБЭК (COPE) ұсынымдарына сүйене отырып, жарияланымдық және/немесе ғылыми этиканы бұзған жағдайда жарияланған материалдарды алып тастауды (ретракция) жүзеге асырады.
Материал мына жағдайларда кері қайтарылып алынады/алып тасталынады (ретрагирленеді):
егер алынған деректер сенімсіз немесе заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде алынғаны туралы нақты дәлелдер болса, мысалы, деректерді бұрмалау;
қолжазбаның басқа басылымда «Марғұлан оқулары» конференциясында жарияланғанға дейін жариялану фактісін анықтау;
материалда плагиатты анықтау, соның ішінде суреттер, графиктер, кестелер және т. б.;
материалда басқа ғалымдарға және олардың зерттеулеріне теріс әсер етуі мүмкін өрескел қателіктердің болуы, мысалы, есептеу немесе эксперимент қатесі;
үшінші тұлғалар тарапынан материалға немесе оның жекелеген бөліктеріне авторлық құқықтар туралы шағымдардың пайда болуы;
материалда жарияланымдық және/немесе ғылыми этика қағидаларына, стандарттары мен нормаларына қайшы келетін ақпараттың болуы.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда конференцияның редакциялық алқасы тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша материал жарияланымнан кері қайтарып алынуы/алып тасталынуы (ретрагациялануы) мүмкін. Ол үшін материалды ғылыми редактор растап, қол қоятын басылымнан кері тарту туралы акті жасалынады. Материалдың хат-хабары үшін авторға актінің көшірмесі жіберіледі.
Осыдан кейін конференция сайтында материалдың қайтарылып алынғаны/алынып тасталынғанының (ретрагирленген) себептері көрсетіледі. Редакция материалды алып қою (ретракция) туралы ақпаратты конференция сайтының басты бетінде жариялайды және материалды алып қою (ретракция) рәсімі жүргізілгеннен кейін ақпаратты конференцияның келесі нөмірінде орналастырады.
«Марғұлан оқулары» конференциясының редакциясы жарияланған шығарылымдарда анықталған бұзушылықтар бойынша негізделген барлық өтініштерді жауапты, объективті және мұқият қарайды.
Редакция авторлар мен сын-пікір берушілердің материалды жариялағаннан кейін жіберілген қателер мен бұзушылықтар туралы редакцияға барынша жедел хабарлауды олардың жауапкершілігі мен міндеті деп санайды.