Алтай-Тарбағатай аймағының көне қатынас жолдары
DOI:
https://doi.org/10.52967/3007-6528.2025.91.97Кілт сөздер:
Шыңғысхан, Карпини, Рубрук, Аткинсон, Алтай, Тарбағатай, Шыңғыстау, Ертіс, Аягөз, Бұқтарма, Зайсан, керуен, сүрлеуАңдатпа
Мақалада Қазақстанның шығыс аймағы Алтай-Тарбағатай, Ертіс бойы және т.б. өлкелермен өткен көне жолдары зерттеледі. Көне Бұқтарма жолы, онымен байланысты Шыңғыс хан жорықтары және Зайсан көлінің тарихи Қызылбас атауы қарастырылады. Зайсан көлінің тарихи атауының (Қызылбас) кейінге дейін сақталып келгендігі, тек XVII ғ. жоңғарлардың келуімен өзгеріске түскендігі дәлелденеді. «Құпия шежіре» бойынша найман ханы Бұйрық осы Қызылбас көлінде (Зайсанда) өлтіріледі. XVIII–XIX ғғ. керуен жолдарының көне сүрлеулер екені туралы мәліметтер келтіріледі. Әрі осы жолдарда болған тарихи оқиғалар сөз болады. Соның қатарында Ақсақ Темірдің Енге-Төреге қарсы Тарбағатай жорығы, италияндық саяхатшылар Плано Карпини (1245–1246 жж.) және Гильом де Рубруктың (1252–1255 жж.) жүрген жолдары көрсетіледі. Рубрук пен Карпинидың жүрген жолдары өзара салыстыра келе, Алакөлден кейінгі сапарлары екі түрлі жолмен өткендігі анықталады. Ағылшын саяхатшысы Аткинсонның (1848 ж.) жазбаларымен салыстыра келе Рубруктың Тарбағатай арқылы жүрген жолы анықталады. Сонымен қатар жергілікті халық арасында әлі күнге айтылып келе жатқан «Жымбы жолының» бағыт-бағадары, аялдамалары келтіріледі.
Әдебиеттер тізімі
Абай Құнанбайұлы. Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы // Шығармаларының екі томдық жинағы. Т. 2: Өлеңдер мен аудармалар. Алматы, 2002. 336 б.
Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков. Алматы, 1998. 280 с.
Аткинсон Т.В. Восточная и Западная Сибирь // Первые английские путешественники в Казахской степи / Пер.с англ. Д.М. Костиной/ Сост. И.В. Ерофеева. Т. 8. Алматы: Санат, 2006. 312 с.
Бабков И.Ф. Воспоминания о моей службе в Западной Сибири. 1859–1875 г. (Разграничение с Западным Китаем 1896 г.). СПб.: Типография В.Ф. Киршбаума, 1912. 579 с.
Құдайбердіұлы Ш. Қазақтың қайдан шыққаны туралы // Түрік, қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі. Алматы, 2004. 15–25-бб.
Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Тексты и исследования. М.; Л.: АН СССР, 1951. 452 с.
Потанин Г.Н. О караванной торговле с Джунгарской Бухарией в XVIII столетии. М.: Университетская типография, 1868.
Путешествие 1993: Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука. Серия: Путешествия. Открытия. Приключения. Алматы: Гылым, 1993. 248 с.
Сокр. сказ. 1941: Эпосы, легенды и сказания: «Сокровенное сказание Монголов». М.; Л., 1941. URL: https:// xn--80abubbalb5cgec5b4kf.xn--p1ai/find/lib/mgposlan.pdf (дата обращения: 19.04.2025).
Спасский Г.Н. Список с чертежа Сибирский земли (заимствованный из рукописного сборника XVII века и обясненный примечаниями Императорского Московского общества истории и древностей Российских Г.Н. Спасским). М.: Университетский типография, 1849.
Спафари Н. Путешествие через Сибирь от Тобольска до Нерчинска и границ Китая русского посланника Николая Спафария в 1675 году (Дорожный дневник Спафария с примечаниями Ю.В. Арсеньева). СПб., 1882.
Фишер И.Э. Сибирская история с самаго открытия Сибири до завоевания сей земли российским оружием. СПб.: при Императорской Академии наук, 1774. 631 с.
Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям. Пер. с польского Ф. Стекловой. Алма-Ата, 1966. 267 с.



