АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Сіздерді 2025 жылдың 26–28 наурызы аралығында Алматы қаласында өткізілуі жоспарланған «Марғұлан оқулары–2025» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.
Дәстүрлі конференция аясында археология ғылымының өзекті мәселелері және палеоантропология, археогенетика, археометаллургия, археозоология, археоботаника, цифрлық археология және ЖИ, консервация, реставрация, реконструкция, сондай-ақ археологиялық ескерткіштерді қорғау және зерттеудің заманауи әдістерін қолдану мәселелері талқыланады. Конференцияның негізгі мақсаты – жаңа мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу, қол жеткен нәтижелерді зерттеуде жаңа әдістерді қолдану және енгізу.
Конференция жұмысының бағыттары:
* Қазақстанның археология ғылымы тарихынан. Персоналия;
* Тас және палеометалл дәуірі археологиясы;
* Ерте темір дәуірі археологиясы;
* Орта ғасыр археологиясы;
* Жаңа заман археологиясы. Этноархеология;
* Археологиядағы пәнаралық зерттеулер;
* Консервация, реставрация және реконструкция мәселелері. Цифрлық археология;
* Археологиялық мұраны сақтау, қорғау және пайдаланудың өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
БАҒДАРЛАМАНЫ ДАЙЫНДАУ МЕН МАҚАЛАЛАР ЖИНАҒЫН ШЫҒАРУ:
Конференция бағдарламасын дайындау үшін 2024 жылдың 28 желтоқсанына дейін берілген үлгі бойынша өтінім жіберу қажет.
Өтінімдер margulan_conf@archeo.kz электронды адресіне қабылданады.
Жарияланатын материалдарды жіберу үшін конференция жинағының https://archeo-margulan.kz/index.php/home/about/submissions веб-сайтындағы электрондық ұсынымды пайдалануыңызды сұраймыз
Барлық авторлардың https://archeo-margulan.kz веб-сайтында тіркелуін өтінеміз.
Бірлескен авторлықтағы баяндамалар бір өтініммен беріледі және деректер нүктелі үтір арқылы ретімен көрсетіледі; егер мәліметтер қайталанса (мысалы, ел және / немесе қала, жұмыс орны, пошталық мекенжайы және т.б.), онда оларды қайталаудың қажеті жоқ.
«Марғұлан оқулары–2025»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушының
ӨТІНІМ-САУАЛНАМАСЫ
- Автордың аты-жөні;
- Ел, қала;
- Жұмыс орны;
- Қызметі;
- Ғылыми дәрежесі, атағы;
- Баяндаманың атауы;
- е-mail, байланыс телефоны;
- Қатысу формасы (online/offline);
- Баяндама презентациясының формасы және қажет техникалық құрылғы
Басылым үшін материалдар 2025 жылдың 20-наурызына дейін қабылданады.
Редакциялық кеңес жариялау үшін материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
Конференция бағытттарына сай емес және талаптарға сай рәсімделмеген қолжазбалар қарастырылмайды.
«Марғұлан оқулары» халықаралық конференциясының жыл сайынғы жинақтарының алдыңғы шығарылымдары Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының https://archeo-margulan.kz/index.php/home/issue/archive сайтында қол жетімді.
Конференцияны Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 44, ҚР ҒЖБМ ҒК Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты.
Байланыс мекенжайлары:
Қасенова Әсем Дауренқызы, директордың ғылым жөніндегі орынбасары. +7 707 518 12 30;
Лошакова Татьяна Николаевна, техникалық хатшы. +7 777 564 63 24;
Базарбаева Ғалия Аппазқызы, жарияланым мәселелері бойынша. E-mail: galiya2002@gmail.com
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті