Аспара және Шаруашылық ортағасырлық қалаларындағы 2021–2023 жж. жаңа зерттеулердің нәтижелері

Авторлар

  • Алексей Евгеньевич Рогожинский Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Автор
  • Ильяр Рамильевич Камалдинов Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Автор
  • Руслан Нұрланұлы Буранбаев Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Автор
  • Гаухар Асқарқызы Қалдыбаева Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Автор

DOI:

https://doi.org/10.52967/3007-6528.2023.1.364.373

Кілт сөздер:

Шу-Талас өзенаралығы, қала, Аспара, Шаруашылық, кейінгі ортағасыр, нумизматика, шағатайлықтар, әмір Темір

Аңдатпа

Мақалада 2021-2023 жж. Талас өзені атырабындағы Шаруашылық және Шу өзенінің орта ағысындағы Аспара қалалары мысалында кейінгі ортағасырлық қала мәдениетін кешенді зерттеу нәтижелері көрсетілген. Ең алдымен, аумақтың тарихи географиясы бойынша жазба мәліметтер және фольклорлық деректер негізінде. «Жетісу» және «Семиречье» макротопонимдері зерттеліп, сөзді қате қолдану нәтижесінде кеңес кезеңінде Шу-Талас өзенаралығының «оңтүстік-батыс Жетісу/Семиречья» ретінде қарастырылуы географиялық тұрғыдан кеңінен түсіндірілді. Шындығында бұл аймақ Оңтүстік Қазақстанға жатады және «Жетісу» мен «Семиречье» бөлігі ретінде қарастырыла алмайды. Аспара қаласының цитаделінде жүргізілген қазбалар (2 және 2а қазбалар) нәтижесінде алдыңғы қарахан уақытының құрылыс қалдықтары орнында тұрғызылған қала құрылысының XIII–XIV ғғ. жататын тұрғынжай және шаруашылық кешендері ашылды. Әртүрлі құрылыс қабаттарының XI–XII ғғ. және XIII–XIV ғ. соңына жататын заттай кешендерінен бес радиокарбонды мерзімдеу алынды. Қаланың беткі қабатынан VII ғ. түркі-соғды теңгесі, қарахандық, саманилік, кейінгі Таң, солтүстік Сун, шағатайлық, әмір Темір және қоқандық ұсақ теңгелер сынды әртүрлі эмиссиялы теңгелер жиынтығы табылды. Шаруашылық қаласында қазба жұмыстары алғаш рет жүргізілді. 1 стратиграфиялық шурф пен 1 және 1а қазбасынан керамикалық ыдыстардың үлкен жиынтығы (жабыстырмалы және қалыппен безендірілген, шарықта жасалып сырланған) табылды, сонымен қатар XIV ғ. төртінші ширегі мен XV ғ. алғашқы ширегі шегіндегі үш радиокарбондық мерзімдеу алынды. 1 қазба мен 2 шурфтан қаладан табылған батыс қарахан теңгелерімен мерзімдес XII–XIII ғ. басына жататын сырлы керамика табылды. Жаңа мәліметтер негізінде Шаруашылық қаласының мерзімі XII –XV ғ. басы аралығына жатады.

Әдебиеттер тізімі

Buranbayev, R. N. 2021. In: Vestnik KazNU im. Al-Farabi. Ser. istor. (Bulletin of al Farabi Kazakh National University. Historical series), 4 (103), 172–182 (in Russian).

Buranbaev, R. N. 2023. In: Turizm, dosug i gostepriimstvo (Tourism, leisure and hospitality), 1, 92–100 (in Russian).

Erzakovich, L. B. 1968. In: Kadyrbayev, M. K. (ed.). Novoe v arheologii Kazahstanа (New in the archaeology of Kazakhstan). Almaty: “Nauka” Publ., 85–97 (in Russian).

Petrov, K. I. 1980. In: Onomastika Sredney Azii (Onomastics of Central Asia). Vol. 2. Frunze: “Ilim” Publ., 149–164 (in Russian).

Rempel, L. I. 1956. In: Trudy instituta istorii, arheologii i etnografii (Proceedings of the Institute of History, Archaeology and Ethnography), 1, 56–59 (in Russian).

Rogozhinskiy, A. E. 2019. In: Egorova, T. A. (ed.). Istoriya i arheologiya Semirechya (History and archaeology of Semirechye), 6. Almaty, 14–30 (in Russian).

Rogozhinskiy, A. E. 2021. In: Uchenye zapiski muzeya-zapovednika “Tomskaya pisanitsa” (Transactions of the “Tomskaya Pisanitsa” Museum-Reserve), 14, 160–170 (in Russian).

Rogozhinskiy, A. E., Kaldybayeva, G. A. 2024. In: Vestnik arheologii, antropologii i etnografii (Bulletin of archaeology, anthropology and ethnography), 3, in press (in Russian).

Rogozhinskiy, A. E., Kamaldinov, I. R. 2022. In: Electronic scientific journal “edu.e-history.kz”, 3 (31), 354–362 (in Russian).

Shagirbayev, M. S., Buranbayev, R. N. 2022. In: Vestnik KazNU im. al-Farabi. Ser. istorich. (Bulletin of al Farabi Kazakh National University. Historical series), 4, 158–16 (in Russian).

Жүктеулер

Жарияланды

2023-05-05

Журналдың саны

Бөлім

Орта ғасыр археологиясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 106

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.