Өгам шатқалындағы Үшбастөбе қаласындағы археологиялық жұмыстар
(2022 жылғы материалдар негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.52967/3007-6528.2023.1.182.193Кілт сөздер:
қала, археологиялық кешен, Қаңлы мемлекеті, керамикаАңдатпа
Мақала 2022 жылғы далалық маусымдағы Үшбастөбе қаласында жүргізілген зерттеуге арналған. Ескерткіш
Өгам өзені (Оңтүстік Қазақстан) жазығында орналасқан. Зерттеу барысында ірі тастардан тұрғызылған құрылыс
құрылымы анықталды, көп мөлшерде керамика бұйымдар, тастан жасалған еңбек құралдары, сүйектен және
темірден жасалған бұйымдардан құралған артефактілердің жаңа кешені табылды. Табылымдар кешені тарихи-
мәдени толықтырулары бойынша Оңтүстік Қазақстанның (б.д. I ғ.-нан IV ғ. дейін) арыс мәдениетінің қаратөбе
кезеңі материалдарына жақын. Этномәдени тұрғыдан қарағанда ескерткіш Оңтүстік Қазақстан жерінде
б.д.д. І ғасыр мен б.д. І ғасырында таралған Қаңлы мемлекетімен байланысты.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Александр Николаевич Подушкин, Екатерина Михайловна Асадчева, Ангелина Владимировна Кесман (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.