Бәбіш мола қаласы маңындағы ғұрыптық құрылыстар
DOI:
https://doi.org/10.52967/3007-6528.2025.140.157Кілт сөздер:
археология, Бәбіш мола, шірікрабат мәдениеті, ғұрыптық құрылыс, алтарь, сакралды нысан, құнарлылық культі, фалликалық белгіАңдатпа
Мақалада Сырдарияның төменгі ағысындағы, Бәбіш мола қаласының маңында анықталған ғұрыптық ескерткіштерге жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері баяндалады. 2023–2024 жж. Бәбіш мола 8, 10а және 10б нысандарында жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесі нысандардың сакралды мәнге ие болғанын дәлелдейді. Қазба барысында табылған археологиялық материалдар аз, алайда эллинистік және шірікрабат мәдениетіне тән керамика үлгілері айқын көрініс табады. Авторлар аталған құрылыстардағы шаршы пішінді алтарьлардың символдық мағынасына ерекше назар аударады. Шаршы пішіні археологиялық және мифологиялық тұрғыдан ежелгі үнді-еуропалық халықтардың дүниетанымында «ортаңғы әлемнің» – адам мекен ететін кеңістіктің көрінісі ретінде қарастырылады. Ерекше назар аудартатын жайттардың бірі Бәбіш мола 10б нысанында табылған фалликалық сипаттағы тас бұйым. Аталмыш олжа ғұрыптық, құнарлылық культімен байланысты болғанын көрсетеді. Жалпы, мақалада қарастырылған ғұрыптық құрылыстар от культімен емес, құнарлылық пен өмір тудыру идеяларымен байланысты сакралды нысандар ретінде сипатталады.
Әдебиеттер тізімі
Абдуллаев К. Греческие типы в керамике Согда и Бактрии // ПИФК. 2010. № 1. С. 46–62.
Антонова Е.В. Очерки культуры древних земледельцев Передней и Средней Азии. М.: Наука, 1984. 261 с.
Бойс М. Зороастрийцы. Верования и обычаи. М.: Наука, 1988. 303 с.
Болелов С.Б., Утубаев Ж.Р. Низовья Сырдарьи во второй половине I тыс. до н.э. (новые данные к изучению Чирикрабатской археологической культуры) // Эпоха империй. Восточный Иран от Ахеменидов до Сасанидов: история, археология, культура / Отв. ред. А.С. Балахванцев, Н.А. Маккавеев. М.: Институт Востоковедения РАН, 2019. С. 67–89.
Кампыртепа 2018: Кампыртепа – кушанская крепость на Оксе / Отв. ред. С.Б. Болелов. М.; СПб.: Нестор- История, 2018. 358 с.
Курманкулов Ж., Утубаев Ж.Р. Чирикрабатская культура в Восточном Приаралье // Казахстан в сакскую эпоху / Отв. ред. А.З. Бейсенов. Алматы: ИА, 2017. С. 191–210.
Курманкулов и др. 2021: Курманкулов Ж.К., Болелов С.Б., Утубаев Ж.Р. Древние земледельцы низовьев Сырдарьи / Труды Института археологии им. А.Х. Маргулана. Т. 1. Алматы: ИА, 2021. 322 с.
Маковский М.М. Сравнительный словарь мифологической символики в индоевропейских языках. Образ мира и миры образов. М.: Владос, 1996. 415 с.
Мкртычев Т.К., Болелов С.Б. Стратиграфия юго-восточной части цитадели Кампыртепа // Археологические исследования Кампыртепа и Шортепа / Отв. ред. Э.В. Ртвеладзе, Дж.Я. Ильясов. Ташкент: Санат, 2006. С. 47–78.
Лелеков Л.А. Отражение некоторых мифологических мировоззрений в архитектуре восточноиранских народов в первой половине I тыс. до н.э. // История и культура народов Средней Азии / Под ред. Б.Г. Гафурова и Б.А. Литвинского. М.: Наука, 1976. С. 7–18.
Раевский Д.С. Модель мира скифской культуры. М.: Наука, 1985. 256 с.
Сарианиди В.И. Культовые здания в поселениях Анаусской культуры // СА. 1962. № 1. С. 44–56.
Чайлд Г. Древнейший Восток в свете новых раскопок. М.: Иностранная литература, 1956. 384 с.
Шишкина Г.В. Эллинистическая керамика Афрасиаба // СА. 1975. № 2. С. 60–78.
