Қола дәуіріне тиесілі Талды 1 қорымы № 50 құрылысының зерттелу барысының алдын ала нәтижелері
(Қарағанды облысы, Шет ауданы)
DOI:
https://doi.org/10.52967/3007-6528.2025.313.320Кілт сөздер:
Орталық Қазақстан, Алакөл мәдениеті, қорым, жерлеу конструкциясы, тас жәшікАңдатпа
Мақалада Талды 1 қорымының №50 құрылысында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері баяндалады. Қорым Қарағанды облысы Шет ауданында, Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 93 км жерде, Талды өзенінің сол жағалауындағы тегіс алаңқайда орналасқан. Археологиялық зерттеу нысаны ретінде №50 құрылыс қарастырылды, құрылыс тікбұрышты тас жәшіктер түріндегі 10 жерлеу камерасынан тұрды. Жерлеу орындарының 90%-ы ерте заманда тоналған. Нысанның конструкциялық ерекшелігі — барлық қабірлерді біріктіретін ортақ тікбұрышты шұңқыр қазылған. Гранит плиталардан жасалған жерлеу камералары бір-біріне параллель, тізбектеле орналасқан, бұл жерлеу салтының бір уақытта өткенін білдіреді. Демек, құрылым көне заманда орын алған эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауын айғақтайтын дерек ретінде қарастырылуы ықтимал. Фрагментарлы сақталған сүйек қалдықтарына қарағанда, мәйіттер сол жақ бүйіріне бүктетіле жатқызылып, бастары батысқа бағытталғанын байқауға болады. Табылған заттай деректер — әйелдердің қола әшекейлері: ұштары тұйықталмаған сырғалар, алтын фольгамен қапталған (1,5 айналымды) салпыншақтар, ұштары конус тәрізді білезіктер, сондай-ақ аз мөлшердегі керамикалық материалдар бұл ескерткіштің қола дәуіріндегі алакөл мәдениетіне тиесілі екенін көрсетеді және оны б.д.д. XVII ғасырмен мерзімдеуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
Варфоломеев В.В., Кукушкин И.А., Кукушкин А.И. Археологическая карта Шетского района Карагандинской области. Караганды: Альфапринт, 2018. 175 с.
Кукушкин И.А., Дмитриев Е.А. Колесничный комплекс могильника Табылды (Центральный Казахстан) // Археология, этнография и антропология Евразии. 2019. Т. 47. № 4. С. 43–52.
Кукушкин И.А., Дмитриев Е.А., Кукушкин А.И. Погребение петровской культуры близ села Талды (Каркаралинский район Карагандинской области) // Самарский научный вестник. 2018. Т. 7. № 2 (23). С. 150–155.
Кукушкин И.А., Дмитриев Е.А., Кукушкин А.И. Материалы могильника Кызылтау как отражение срубного компонента в формировании раннеалакульских древностей Центрального Казахстана // Теория и практика археологических исследований. 2019. № 2 (26). С. 109–130.
