Иман-Бұрлық 1, 2 тұрақтары мен Ботай қонысы: бір деректану және тарихнамалық мәселенің шешімі
DOI:
https://doi.org/10.52967/3007-6528.2025.49.68Кілт сөздер:
Ботай, Иман-Бурлук 1, Иман-Бурлук 2, ботайская культура, энеолит, Казахстанское Приишимье, Северный Казахстан, история изученияАңдатпа
Мақала Солтүстік Қазақстан энеолитін зерттеудегі ұзақ уақыт бойы қарастырылып келген деректану мен тарихнама мәселесі болып табылатын Иман-Бұрлық 1, 2 тұрақтарының Ботай мәдениетін айқындауға негіз болған тірек ескерткіш Ботай қонысының өзара кеңістікті байланысын анықтауға бағытталған. Зерттеу жұмысы Иман-Бұрлық 1, 2 тұрақтарының археологиялық қазба есептерін, олардың нәтижелерінің жарияланымдарын, Ботай қонысының алғашқы ашылуы мен далалық зерттеулеріне қатысты есептер мен жарияланған жұмыстарды талдау негізінде жүргізілді. Иман-Бұрлық 1, 2 тұрақтарының сипаттамалық бөлігін талдау және олардың сызба құжаттамасын зерттеу нәтижесінде, бұл ескерткіштердің орналасуы туралы қарама- қайшы мәліметтер бар екені анықталды. Дегенмен, Иман-Бұрлық 1 және 2 тұрақтарының топографиялық жоспарларын Ботай қонысының топожоспарымен және Иман-Бұрлық 1, 2 тұрақтарының сипаттамалық деректерін Никольско-Бұрлық ауылы маңындағы топографиялық жағдаймен салыстыру бұл ескерткіштердің бір археологиялық нысанға жататынын көрсетеді. Зерттеу барысында Л.А. Чалаяның 1953 ж. палеонтолог М.Д. Бирюков жинаған көтерме артефактілер орны мен Иман-Бұрлық 1, 2 тұрақтарын қате сәйкестендіргені анықталды. Бұл тұрақтарды 1958 ж. геолог Ю.Г. Петренко жинаған коллекцияның орны ретінде қарастыру дұрысырақ болады. Тарихнамалық тұрғыдан, энеолит дәуірінің негізгі ескерткіші болып табылатын Ботай қонысының зерттелуі, 1970 ж. Иман-Бұрлық 1, 2 тұрақтарындағы қазба жұмыстарының жүргізілу кезінен басталды. Бұл жұмыстарды Л.А. Чалаяның жетекшілігімен Хакасия археологиялық экспедициясының Солтүстік Қазақстан отряды жүргізді. Оны 1958 ж. геолог Г.Ю. Петренко алғаш ашты деп есептеу керек. Кейіннен ғылыми айналымға “Ботай мәдениеті” ретінде енген энеолиттік кешеннің бастапқы сипаттамасы 1971 ж. Л.А. Чалаяның кандидаттық диссертациясында берілген. Ескерткіште кең көлемді археологиялық зерттеулерді 1980 ж. бастап В.Ф. Зайберттің жетекшілігімен Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (СКАЭ) жүргізді.
Әдебиеттер тізімі
АКК – Археологическая карта Казахстана / Сост.: Е.И. Агеева, К.А. Акишев (отв. ред.), Г.А. Кушаев и др. В 2-х ч. Ч. 1: Реестр. Алма-Ата: АН КазССР, 1960. 449 с.
АКК. Приложение – Археологическая карта Казахстана / Сост.: Е.И. Агеева, К.А. Акишев (отв. ред.), Г.А. Кушаев и др. В 2-х ч. Ч. 2: Карты. Алма-Ата: АН КазССР, 1960. 41 отд. л. в папке: двухцв.; 28×21 см.
Заитов В.И. Характеристика каменных орудий поселения Ботай (предварительный анализ) // Энеолит и бронзовый век Урало-Иртышского междуречья: межвуз. сб. / Отв. ред. С.Я. Зданович. Челябинск: Башкирский гос. ун-т, 1985. С. 17–33.
Зайберт В.Ф. Атбасарская культура. Екатеринбург: УрО РАН, 1992. 221 с.
Зайберт Ф.В. Энеолит Урало-Иртышского междуречья. Петропавловск: Наука, 1993. 244 с.
Захаров С.В. Изучение памятников энеолита казахстанского Приишимья (1950-е – 1996 гг.) // Археология Казахстана (Қазақстан археологиясы). 2024. № 2 (24). С. 139–159.
НА ИА КН МНВО РК. Д. 1179: Чалая Л.А. Отчёт о работе Северо-Казахстанского отряда МГУ в Павлодарской и Кокчетавской областях в 1970 г. 27 л.
НА ИА КН МНВО РК. Д. 1831a: Заитов В.И., Зайберт В.Ф. Отчёт. Полевые исследования СКАЭ в 1980 г. С. 133– 137.
НА ИА КН МНВО РК. Д. 1831b: Зайберт В.Ф. Отчёт. Полевые исследования СКАЭ в 1980 г. С. 5–108.
НА ИА КН МНВО РК. Д. 1832: Отчёт. Полевые исследования СКАЭ в 1980 году. Приложение I. 102 с.
НА ИА КН МНВО РК. Д. 2048: Зайберт В.Ф., Кисленко А.М., Мартынюк О.И., Даниленко Т.А., Плешаков А.А. Отчёт. Полевые исследования СКАЭ в 1984 г. С. 5–94.
НА ИА КН МНВО РК. Д. 2049: Отчёт. Полевые исследования СКАЭ в 1984 г. Приложение I. 73 с.
Чалая Л.А. Неолит Северо-Восточного и Центрального Казахстана: дис. ... канд. ист. наук: 07.00.00. М., 1971. 331 с. + Прил. (29 с.: Альбом ил. 25×31 см).
Чалая Л.А. Поздненеолитический инвентарь и хозяйство стоянки Иман-Бурлук // Археологические исследования в Казахстане / Отв. ред. К.А. Акишев. Алма-Ата: Наука КазССР, 1973. С. 188–203.
Чалая Л.А., Раскина И.А., Войтов В.Е. Результаты работ в Северном Казахстане // АО–1970 / Отв. ред. Б.А. Рыбаков. М.: Наука, 1971. С. 407–408.



